Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысу үшін үміткерлерді ұсыну мерзімін анықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz жорналшысы.
ОСК хабарлағандай, президент лауазымына кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен бастап, яғни 10 сәуірден бастап мүмкін болады. Ұсыну 28 сәуірде сағат 18-де тоқтатылады. Сайлау іс-шараларын өткізу мерзімін ОСК белгілейді.
“Сайлау туралы” Конституциялық заңның 55-бабының 1-тармағына сәйкес белгіленген тәртіппен тіркелген республикалық қоғамдық бірлестіктердің президенттікке кандидаттар ұсынуға құқығы бар.
Жақын арада алдағы сайлауға дайындық жөніндегі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту жоспарлануда.
9 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық теледидар арналарының эфирінде ел Президентінің сайлауын тағайындау туралы жариялады. Ол 9 маусымда өтеді.
“Нұр Отан”партиясы өз кандидатын 20 күн ішінде ұсынады. Қазақстанның Коммунистік Халық партиясы 26 сәуірде съезде өз кандидатын ұсынады. “Ауыл” партиясы әзірге өз кандидатын ұсынуды жоспарлап отырған жоқ. 13 сәуірде “Ақ жол” партиясының пленумы өтеді. Онда президенттікке кандидатты ұсыну туралы шешім қабылдайды.
Сурет: liter.kz