Нұр-Сұлтанда елорда әкімдігі мен ішкі істер департаменті өкілдерінің “Астана Опера” театрының ғимаратында, Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуді талап еткен, көп балалы аналармен кездесті.
Кездесу барысында әйелдер бүгінгі күні оларды билік қудалайтынын, ал кейбіреулеріне әкімшілік айыппұлдар салғанын айтты. Олар мұндай әрекеттерді наразылық акциясымен байланыстырады.
Акция қатысушыларының бірі Гүлжазира Базарбаеваның айтуынша, оған полиция қызметкері қоңырау шалып, жергілікті бөлімшеге шақыртып, әйелге тіркелген жері бойынша тұрмайтынын айтқан.
Ол өз кезегінде полицейдің сөзін растап, танысы өз үйінде тіркелуге рұқсат еткенін мәлімдеді. Нәтижесінде полицейлер ер адамға айыппұл салды.
Астаналық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғосман Жакин полиция қызметкерлері Заң аясында әрекет еткенін, ал әйелдер ереуіл өткізу туралы заңды бұзды деген сылтау айтты.
Нұр-Сұлтан әкімдігі мен полиция ведомствосының өкілдерімен кездесуден кейін, әйелдерді қудалап, айыппұл салу мәселесіне байланысты алған жауаптары оларды қанағаттандырмағанын мәлімдеді.
Сурет: Rus.azattyg.org