Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президентінің сайлауына кандидат ретінде тіркелу үшін Орталық сайлау комиссиясына құжаттар тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
23 сәуірде ҚР ОСК-да сайлау туралы Конституциялық заңның 55-бабына сәйкес “Nur Otan “партиясы” қоғамдық бірлестігінен президенттікке кандидат ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құжаттарын ұсынынды.
Тоқаев мынадай құжаттарды тапсырды: Қазақстан Республикасының Президенттігіне ұсыну туралы “Nur Otan “партиясы” қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының хаттамасынан үзінді, Тоқаевтың президенттікке кандидат болып дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші, өмірбаян деректері, ҚР ОСК шотына сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, жоғары білімі туралы дипломдардың көшірмелері, мемлекеттік қызметте жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар.
23 сәуірде “NurOtan” партиясының кезектен тыс съезінде, оның төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Токаевтың кандидатурасын президенттік сайлауға қатысуға ұсынды. Съезд бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.
Бұған дейін “Ұлы Дала Қырандары” республикалық қозғалысы” республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған Садыбек Түгел сайлауға қатысу үшін құжаттарын тапсырған болатын.
Сайлау 9 маусымда өтеді.
Сурет: zakon.kz