Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысындағы ауданды қайта атау туралы жарлық шығарды. Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы «Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: Қостанай облысының Таран ауданы Бейімбет Майлин ауданы болып қайта аталсын»,-деді өз жарлығында Қасым-Жомарт Тоқаев.
Таран ауданы Бейімбет Майлин ауданы болып жарлық ресми түрде жарияланғаннан кейін ғана аталатын болады.
Сурет: kaztag.info




