Жаңа президент Астана күнін мерекелеу концертінде жалпы білім беру мекемелерінде домбырадан арнайы пән енгізу туралы ұсыныс жасады.
Біздің жастарымыз Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина Нұрпейісова салған дәстүрлерді жалғастырып келеді.
Домбыраны бүкіл әлем мойындап, игілігімізге айналды. Бұл біздің аспабымызға лайықты баға. Жас ұрпақ арасында біздің дәстүріміз, домбыра туралы білімді кеңінен насихаттауды жалғастыру маңызды.
Мен мектептерде домбыра ойнау сабақтарын енгізу маңызды және қажетті бастама деп санаймын. Біз құндылықтарымызды қолдауға әрі қарай да назар аударуымыз керек”, – деді президент.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда Ұлттық домбыра күні тойлануда – Нұр-Сұлтан алаңында жүздеген домбырашылардың қатысуымен жаппай концерт өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды мерекемен құттықтады.