Аккорды баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев “Ұлттық ғылыми медициналық орталық” АҚ басқарма басшысы Абай Байгенжинмен кездесіп, орталықтың даму мәселелерін талқылады.
Мемлекет басшысын ғылыми орталықтың ағымдағы қызметі мен даму жоспарлары, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде медициналық жобаларды іске асыру туралы хабардар етті. А. Байгенжин Президентке Томотерапия және ядролық медицина орталығында қатерлі ісікті емдеудің жаңа әдістері туралы айтты. Кездесу барысында денсаулық сақтаудың бірқатар өзекті мәселелері талқыланды. Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев нақты тапсырмалар беріп, орталық ұжымына табыс тіледі.
Сурет: Inform.kz