Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаевқа тапсырма берді, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Досаев Тоқаеввқа валюта-қаржы нарығындағы жағдай, республиканың қаржы секторын несиелеу және сауықтыру жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстар және теңге бағамының ауытқуына әсер ететін факторлар туралы баяндады.
Тоқаев Ұлттық Банк тарапынан осы салаға қадағалау қажеттігін еске салып, Дасаевқа бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Бұрын Досаев Ұлттық банк инфляцияны жылына 4-6% деңгейінде ұстауды жоспарлап отырғанын айтқан.
Сурет: tengrinews.kz