Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы»Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 51 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы Қаулыға қол қойды.
Тиісті жарлық Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: «квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 51 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 29, 245-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мыналарды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін енгізілсін:», — делінген құжат мәтінінде.




