Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып Қырымбек Көшербаев тағайындалды. Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
“Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалсын, ол Қызылорда облысының әкімі қызметінен босатылсын”, – делінген Жарлық мәтінінде.
Осы лауазымға кіріскенге дейін Көшербаев Қызылорда облысының әкімі болды.
Сондай-ақ, Президент Жарлығымен Бақытжан Сағынтаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Президент Әкімшілігінің Басшысы қызметінен босатылды.