Бүгін ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды, деп Tengrinews.kz сілтеме жасап бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
“Мемлекет басшысының Өкімімен Сатыбалды Ересұлы Бұршақов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды”, – делінген хабарламада.
Ол Қазақстанның Израильдегі Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалды.
Дулат Қуанышбаев Израильде елші қызметінен босатылды.