ҚР Президенті Әкімшілігінің қоғамдық қабылдауы өзінің Telegram-арнасын ашты, деп ХАА «ҚазАқпарат»тілшісі хабарлайды.
Қоғамдық қабылдау арнасы сілтеме бойынша қолжетімді t.me/priemnaya_ap. арнаға «Join» («Бастау») батырмасын басу арқылы жазылуға болады.
Айта кету керек, қоғамдық қабылдау арнасына жазылушылар саны қазір 250-ден астам пайдаланушыдан асады.
Естеріңізге сала кетейік, 2 қыркүйекте Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын жолдады.