Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына жұмыс сапары аясында өңір әкімі Ермек Маржықпаевпен бірге Көкшетау қаласындағы “Бижан” ет өңдеу зауытында болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Ет өңдеу кәсіпорнын аралау барысында Қасым-Жомарт Тоқаев зауыттың өндірістік цехтарын аралады. Сонымен қатар, Президентке Ақмола облысының қайта өңдеу кәсіпорындары өнімдерінің үлгілері ұсынылды.
Облыс әкімі мемлекет басшысына Ақмола облысындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласының даму барысы туралы баяндады.
“Біржан” ет өңдеу зауыты біздің республикадағы ет өңдеумен айналысатын ірі кәсіпорындардың бірі болып табылады. Зауыт 15 түрлі ет өнімдерін шығарады, соның ішінде шұжық өнімдері, ет консервілері, субөнімдер және жартылай дайын өнім.