Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарға үндеу жолдады, деп хабарлайды zakon.kz. Ол өзінің үндеуін twitter-де жариялады.
Ғылыми қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Қазақстанда Ғылым күні көрнекті ғалым Қ. Сәтбаевтың туған күніне орайластырылып отыр, – деп жазды Президент.
Ол перспективалық ғылыми зерттеулерді қолдау, ұлттың зияткерлік әлеуетін дамыту – сөзсіз шешуге жататын стратегиялық міндеттер екенін айтты.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы Қазақстанның халықаралық бағдарламаларға белсенді қатысатынын айтты.
60 жыл бұрын адамның ғарышты игеру дәуірі басталды. Юрий Гагариннің Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшуы әлемдік ғылым прогресінің жарқын символына айналды. Қазақстан халықаралық бағдарламаларға белсенді қатысып, ғарыш технологияларын меңгеретін болады, – деп нақтылады ол.