Қасым-Жомарт Тоқаев мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсетудің және оларға барынша қолайлы орта құрудың маңыздылығын атап өтті, деп zakon.kz хабарлайды.
Президент бұл мәселе әлеуметтік саладағы басымдықтардың бірі екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы қала билігі мен осы бағыттағы жауапты құрылымдар жұмысының тиімділігі төмен екенін айтты.
Әкімдікке мұқтаж адамдарды оңалту жабдықтарымен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу, сондай-ақ әлеуметтік және басқа да орындарды стандарттарға сәйкес келтіру тапсырылды.
Президент әкімдікке мектептер мен балабақшалардағы орын тапшылығын кезең-кезеңмен азайту жоспарын әзірлеуді, осындай жобаларды іске асыруда мемлекеттік-жеке меншік әріптестік мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану қажеттігін еске салуды тапсырды.