Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина өндірісі артады, деп президент Қасым-Жомарт Тоқаев хабарлады.
“QazVac вакцинасының алғашқы партиясы еліміздің өңірлеріне келіп түсті. Вакцина өндірісі оны барлық азаматтарға қол жетімді ету үшін ұлғайтылады. Қазақстан өз вакцинасын жасаған санаулы мемлекеттердің бірі болды. Оны әзірлеуге қатысқан ғалымдар мен барлық мамандарға алғыс айтамын”, — деп жазды Тоқаев жұма күні Twitter-дегі парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, 22 сәуірде Қазақстанда биологиялық қауіпсіздік мәселесі ғылыми-зерттеу институты базасында өндірілген QazVac (QazCovid-in) вакцинасының алғашқы партиясы шығарылғаны хабарланған болатын.