Ұлттық экономика министрлігінің басшысы Руслан Дәленов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, оған Қазақстан экономикасының жағдайы туралы баяндады, деп хабарлайды vlast.kz ақпарат ресурсы.
Дәленов экономиканың өсуін қалпына келтіруге және қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған Қазақстанның жаңа экономикалық бағытының негізгі ережелерін іске асыру мәселесінен бастады.
Одан кейін Ұлттық экономика министрі Республика басшысына экономиканы басқару құрылымын және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін жақсартуға бағытталған жаңа шаралар туралы баяндады.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевқа елімізге жаңа инвестициялар тартуға бағытталған шаралар ұсынылды.
Дәленовтың баяндамасын тыңдаған Президент бес жыл ішінде үш жарым мың ауылдарды жаңғырту жоспарланған “Ауыл – ел бесігі” жобасына назар аударды. Тоқаев ауыл инфрақұрылымының сапасы қалалық деңгейге жақын болуы керек екенін айтты.
Сонымен қатар, кездесу барысында Тоқаев пен Дәленов шағын кәсіпкерлікті тексеру үшін жарияланған мораторийдің арқасында үш жыл ішінде 100 мыңға жуық тексеруден құтылуға болатынын, бұл өз кезегінде бизнес саласын реттеу үшін жаңа жағдайлар жасауға мүмкіндік беретінін айтты.
Сурет: sputniknews.kz