Алматыны одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі кеңес барысында Мемлекет басшысы ескі үйлерді, соның ішінде Түрксіб және Жетісу аудандарын реновациялау, көгалдандыру, қаланы таза ұстау, құрылыс кезінде сейсмологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ таулы жерлерде жер учаскелерін беруге қатаң бақылау орнату қажеттігін атап өтті. «Алматыда жер тапшылығы бар екені белгілі. Алайда, Бас прокуратураның мәліметінше, қалада 3,7 мың гектардан астам жер пайдаланылмайды. Оларды толыққанды экономикалық айналымға енгізу қажет», — деді Президент. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдікке осы саладағы ашықтықты қамтамасыз ету үшін интерактивті қала құрылысы картасын әзірлеуді тапсырды. Президент сондай-ақ қоғамдық бақылау қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, құрылыс үшін Қоғамдық кеңестің келісімі талап етілетін орындар картада нақты көрсетілуі тиіс.
Түркістан басшысы әкімдіктің бұрынғы ғимаратына қатысты шуға пікір білдірді/
Аукцион арқылы сатылып кеткен әкімдік ғимаратына қатысты Түркістан қаласының әкімі INSTAGRAM парақшасындағы тікелей эфир кезінде мәлімдеме жасады деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі. Рашид Аюповтың мәліметінше, қалада қонақүйлерді көбейту мәселесі бұған дейін туындаған. Қалаға келетін туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қонақ...