Қазақстан индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдері, біздің делегация Польшаның авиациялық билігімен кездесу өткізгенін хабарлады.Онда екі мемлекет арасында жаңа әуе қатынастарын ашуға байланысты мәселелер қаралды.
Келіссөзде біздің мемлекеттегі “ашық аспан” режиміне байланысты Нұр-Сұлтан-Варшава бағыты бойынша авиарейстер саны аптасына 7-ден 14-ке дейін көбейгені айтылды.
Сондай-ақ, кездесу барысында келесі жылдан бастап польшалық LOT Polish Airlines әуе тасымалдаушысы Варшава-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша аптасына 4-тен 7-ге дейін әуе қатынасы санын арттыратыны атап өтілді.
Сонымен қатар, жоғарыда аталған польшалық авиакомпания өкілдері келер жылы республиканың оңтүстік астанасына тікелей әуе қатынасын ашатынын және Шымкент қаласына әуе рейсін ашуды жоспарлап отырғанын хабарлады.