Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев республикада 1 шілдеден полиция қызметкерлерінің еңбекақысы ұлғаятынын хабарлады. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Ерлан Тұрғымбаев биылғы жазда Президенттің өкімімен құқық қорғау қызметінің барлық қызметкерлерінің жалақысы артатынын айтты.
Сондай-ақ, ішкі істер министрі жедел-тергеу құрамының қызметкерлері айына 150 мың теңге алатын болады, сонымен қатар оларға 70-тен 200 мың теңгеге дейінгі тұрғын үй үшін өтемақы төленетінін айтты. Бұл сома полиция қызметкерлерінің отбасы мүшелерінің санына және қай жерде қызмет істеп жүргеніне байланысты болады.
Соңында Тұрғымбаев полицияның жалақысын арттыруға және оларды материалдық-техникалық жарақтандыруға 347 миллиард теңге бөлінгенін
Сурет: nur.kz