Алматы кинотеатрларының бірінде үлкен дау тудырған жанжал орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде кинотеатрда “Дамбо” фильмін көру кезінде балалар мен ересек ер адам арасында жанжал орын алғаны туралы ақпарат пайда болды. Жанжал үстінде ер адам балаға қол жұмсады.Кинотеатр орналасқан сауда-ойын-сауық орталығының әкімшілігі бақылау камераларының бейнежазбасын көргеннен кейін, әлеуметтік желілерде өз түсініктемесін берді. СОО бас директоры жастардың өздері қиқарланғанын, бейнежазбада еркектің күш қолданғаны байқалмайтынын айтты.
Полиция орын алған оқиға кінәліні анықтау үшін тергеуді бастады.
Алматы полициясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұқият зерттеу мақсатында кинотеатр мен СОО бейнебақылау камераларының жазбалары тәркіленді.
Сурет: Times.kz