Тергеу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Сергей Потанин Петропавлда Ұлттық гвардия әскери институтының қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды regnum.ru ақпарат арнасы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің тергеу басшысының айтуынша, қызметкер
бюджеттен 27,8 миллион теңге – 64 мың доллар көлемінде ақша жымқырды деп күдікке ілінді.
Тергеу мәліметінше, әйел қаржы бөлімшесінде жұмыс істеп, бос жұмыс орындары бойынша жинақталған ақша қаражатын ұрлаған. Атап айтқанда, қызметкер жалақылар тізіміне жалған ақпарат енгізген.
Сергей Потанин әскери институт қызметкері 2014 жылдан бастап 2019 жылға дейін жалған мәліметтер жасағанын айтты. Осы уақыт ішінде ол 27,8 миллион теңгені ұрлаған. Тергеу жалғасуда.
Бұған дейін Ішкі істер министрлігі еліміздің ең жемқор мемлекеттік органы болып табылатыны, себебі ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осы ведомствоның 70 қызметкерін жауапкершілікке тартылғаны хабарланған.
Сурет: lb.ua