Петропавлдың су астында қалу қаупі бар – автожолдар су астында қалды, құтқарушылар шұғыл қауіпсіздік шараларын қолдануға шақырады, деп хабарлайды sputnik.kz.
“Қазгидромет” РМК мәліметтеріне сәйкес, бірінші су тасқыны деңгейі мен екінші толқынның келуіне байланысты Петропавл қаласындағы Есіл өзенінің гидрологиялық бекетінде су деңгейі одан әрі жоғарылап, оның 1050 сантиметрге жақындауы күтілуде”, – деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті.
“Петропавл балық питомнигі” РМҚК бұрылысында,Прибрежное және Мичурино ауылдарының маңын су басты.
“СҚО Төтенше жағдайлар департаменті халықтың қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ету және ТЖ алдын алу үшін шаралар қабылдауды ұсынады”, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Сурет: sputniknews.kz