Петропавлдық полицейлер апта сайын азаматтарды онлайн қабылдауға шақырады. Тұрғындардың сұрақтарына тікелей эфирде әр түрлі бөлімшелердің бірінші басшылары жауап береді, деп хабарлайды 24.kz тілшісі.
Қазақстан республикасы ІІМ қоғамдық кеңестің төрағасы Марат Қоғамов бұл жөнінде пікірін айтты: ” Біздің ұсынымдардың негізгі бөлігі бүгінгі күні полицейлер жергілікті тұрғындармен қарым-қатынасты оң жолға қоя алуы керек және олар халықты ұға,түсіне білулері керек, проблемаларды шешуге тұрғындар өздері қатысатындай, халыққа оларды жеткізе білулері керек. Бұл өте үлкен проблема және бүгін Жол картасына енгізілген процестер, сайып келгенде, мінсіз полицейдің келбетіне әкеледі деп үміттенемін. Ойымыз іске асатынына үміттіміз.”
Бұл халыққа жақындаудың бір жолы деп есептейді полицейлер. Ішкі істер министрлігінің қоғамдық кеңестің бірінші көшпелі отырысында халықтың погонды адамдарға деген сенімін арттыру туралы айтылды. Солардың бірі – Солтүстік Қазақстан облысында 16-дан астам кеңсе ғимараттарының ашылуы. Кездесуге қатысушылар Қазақстан полициясының имиджі бірінші кезекте қызметкерлердің өздеріне байланысты екенін атап өтті.
Сурет: inform.kz