Факты истории

Петропавл тұрғындары 2019 жылы суға төмендетілген тарифпен төлейтін болады

Петропавл қаласының монополияға қарсы қызметтері қала тұрғындарына су жеткізетін компанияларды тексергеннен кейін тарифтердің төмендеуіне қол жеткізді.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2019 жылдың 31 желтоқсанын қоса алғанда Петропавлда сумен жабдықтауға арналған өтемдік тарифтер қолданылатын болады.

Магистральдық құбыржолдармен су тарату желілері арқылы берілетін суға тариф ҚҚС-сыз текше метр үшін 112,6 теңге мөлшерінде белгіленген (8,6% — ға төмендеді).

Тұрғындар үшін текше метріне тариф – 73,05 теңге көлемінде бекітілген, заңды тұлғалар текше метр үшін 231,9 теңге төлейтін болады.

Сарқынды суларды бұру және тазарту бойынша тариф 2,7% — ға төмендетіліп, 2019 жылы текше метріне 105,99 теңге белгіленді.

Тұтынушылар топтары бойынша, сарқынды суларды бұру және тазарту бойынша сараланған тарифтер: тұрғындар үшін – текше метріне 67,39 теңге, заңды тұлғалар үшін – текше метріне 215,42 теңге.

Сулет: kaztag.kz

Ещё в ленте

Все новости