Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Тарих фактілері

Петербургте қазақтың ұлы қайраткерлеріне арналған көрме ашылды

5 года назад
Петербургте қазақтың ұлы қайраткерлеріне арналған көрме ашылды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Ресей Ұлттық кітапханасында атақты философ және ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына, сондай-ақ ұлы ақын және ағартушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына және қазақ шығыстанушы ғалымы Шоқан Уәлихановтың 185 жылдығына арналған кітап экспозициясының ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы Ресейдегі Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Көрмені Санкт-Петербургтегі Қазақстан Республикасының Бас консулдығы осы қаладағы «Ата-Мекен»қазақ диаспорасымен бірлесіп ұйымдастырды.

Экспозицияның ашылуына ТМД Парламентаралық Ассамблеясының және ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының өкілдері, Ресей ұлттық кітапханасының басшылары, сондай-ақ Санкт-Петербургте тұратын қазақ және басқа да диаспоралардың өкілдері қатысты.

Көрмеде әл-Фараби, Абай Құнанбаев және Шоқан Уәлихановтың шығармашылығына қатысты әлемнің түрлі тілдерінде жарық көрген 150-ден астам экспонат ұсынылды.

Ресей ұлттық кітапханасының басшылары өткізіліп жатқан көрменің екіжақты серіктестікті дамыту мен тереңдетудегі маңыздылығын атап өтті. Сарапшылардың пікірінше, бұл іс-шара Ресейдің Солтүстік астанасының аудиториясын қазақ халқының мәдени мұрасымен және рухани байлығымен таныстыруға тамаша мүмкіндік берді.

Салтанатты шара соңында Қазақстанның Санкт-Петербургтегі Бас консулы Бауыржан Досманбетов Ресейдің ұлттық кітапханасына Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасына арналған заманауи кітаптарды сыйға тартты.

Сурет: kzkazan.ru

Новости СМИ2
Алдыңғы

Неліктен Қазақстанда этносаралық қақтығыстар жиілеп барады?

Келесі

Қазақстан мен Өзбекстан транзиттің жаңа цифрлық жүйесін сынап көрді

Ұсынамыз Пост

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды
Тарих фактілері

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды

29/05/2021 17:43

Қазіргі кезде аталған факті бойынша Түркістан облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жүргізіліп жатқан іздеу жұмыстары барысында 29 мамырда сағат 00:30-да Өгем өзенінен екі адамның мәйіті табылды. Марқұмның бірі тауда жоғалып кеткен туристер тобының мүшесі, 1999 жылы туған азамат...

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды
Тарих фактілері

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды

29/05/2021 15:12

Шенеуніктер ауыл арасында көгілдір отын құбырын жүргізу үшін тендер жариялағанымен, кейін оны тоқтатып тастаған.   Ақтөбе іргесіндегі Жаңақоныс-4 ауылының тұрғындары жаңадан салынған үйлеріне кіре алмай отыр. Өйткені елдімекенде ішер судан бастап, газ құбыры да жоқ. Ал шенеуніктер болса коммуникация жүйесін...

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды
Тарих фактілері

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды

29/05/2021 10:18

Ведомство өкілдері полковник Асылбек Сатыбалдиновті жақсы жағынан сипаттап, мақтаулы мамандардың бірі ретінде атады. Қорғаныс министрлігіндегі қару-жарақ және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің бастығы полковник Асылбек Сатыбалдинов ұсталды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растады. "2021 жылы 28 мамырда құқық қорғау...

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді
Тарих фактілері

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді

28/05/2021 18:41

2019 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз ойын орындарын жою бойынша рейдтік іс-шаралар барысында қаланың әртүрлі аудандарында ойын терминалдары заңсыз жұмыс істейтін 712 сауда орнын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Заңсыз ойын мекемелерін ұйымдастырғаны үшін 80 адам сотталды, 94...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.