Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Павлодарда арнайы операция өткізіп, оның барысында есірткі заттарын жеткізудің ірі арнасы жойылды, деп хабарлайды ustinka.kz ақпарат ресурсы.
Операция барысында полицейлер есірткі жеткізу арнасын ұйымдастырған ер адамды ұстады. Ұсталған азамат республиканың оңтүстік өңірлерінен Павлодарға тыйым салынған заттарды жеткізіп, кейін оларды сатқаны анықталды.
Ұстау кезінде есірткі сатушының көлігінде есірткінің үлкен партиясы – сұр-жасыл түсті өсімдік тектес 139 килограмнан астам зат табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес ол – марихуана.
Ұсталғаннан кейін есірткі сатушыға қатысты есірткі заттарын заңсыз алғаны, сақтағаны және өткізгені бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта есірткі сатушы уақытша ұстау изоляторында. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеудің барлық қажетті рәсімдері жүргізілуде.
Сот есірткі сатушының кінәсінің дәрежесін анықтап, түпкілікті шешім шығарады.