Павлодар қаласының үстінде жауынгерлік тікұшақтар байқалды. Белгісіз арнайы техника қала тұрғындарын алаңдатты.
Жергілікті тұрғындар байқалған тікұшақтардың фотосуреттерін әлеуметтік желілерге орналастыра бастады. Куәгерлердің айтуынша, қаланың үстінен үш Ми-8 тікұшағы мен төрт жауынгерлік соққы тікұшақтары ұшып өтті.
Қазақстанның Қорғаныс министрлігі бұл тікұшақтар Орынбор облысында өткен «Орталық-2019» әскери оқу-жаттығуларынан ҚХР-ға қайта оралып бара жатқан Қытайдың Қарулы Күштеріне жататынын хабарлады.
«Авиатехникадан басқа,темір жолмен Қытайдың әскери-әуе күштері құрлық әскерлерінің жауынгерлік техникасы да өтетін болады», — деп қосты ҚР Қорғаныс ведомствосында.
Сурет: mod.gov.kz