Павлодарда 21 және 22 тамызда үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ), бизнес және мемлекет – Asar үш жақты әріптестігінің үшінші республикалық форумы өтеді, деп хабарлайды Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Республикалық форумның басты мақсаты еліміздің азаматтарының әлеуметтік мәселелерді шешуде күш-жігерін жандандыру болып табылады.
Ведомство ақпараты бойынша, форумға бизнесмендер, отандық және халықаралық ҮЕҰ, сарапшылар қауымдастығы, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады.
Сондай-ақ, форум аясында “Әлеуметтік инновациялар: өңірлік даму жетістігінің формуласы” тақырыбында пленарлық сессия өтеді.Онда үшжақты серіктестікті дамыту мәселелерін қарастыру жоспарланды.
Сонымен қатар, форум барысында шеберлік сыныптары, case-study семинарлары, воркшоптар, “Спикер #7” зияткерлік конференциясы және меморандумдарға қол қойылады.
Сурет: informburo.kz