Павлодарда құқық қорғау органдары металл құбырларын ұрлады деген күдікпен екі қазақстандықты ұстады, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тергеу мәліметтері бойынша, Екібастұз қаласының ЖШС-нің біріне тиесілі құбырларды ұрлауға әрекет жасаған.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тас жолында “ЗИЛ” автокөлігін тоқтаты, онда құбырлар болған, содан кейін полицейлер жүргізушінің құжаттарын сұраған. Оның қажетті құжаттары болған жоқ. Жедел уәкілдер осы уақытта қалада Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі құбырларды ауыстыру және жөндеу жүргізілгенін анықтады сол жақтан ұрланған болатын.
Қылмыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, сондай-ақ тергеу жүргізілуде. Сонымен қатар, “ЗИЛ” айып тұрағына бағытталып, құбырлар тәркіленген және иесіне қайтарған.
Сурет: bnews.kz