Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аймақ бизнесті дамытуға жағдай жасау бойынша Doing Business рейтингісінде үздік бестікке кіргенін хабарлады.
Облыс әкімінің айтуынша, осы жылдың 9 айында өңір экономикасына 352 миллиард теңге инвестиция тартылды. Салыстырсақ, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 17%-ға артық.
Сонымен қатар, жаңа жобаларды іске асырудағы инвестициялардың маңызды рөлін атап өтіп, Болат Бақауов алдағы 4 жылда өңірде 5 мың жаңа жұмыс орнын ашатын 13 жаңа кәсіпорын құру жоспарланып отырғанын айтты.
Арнайы экономикалық аймақтар туралы айта келе, аймақ әкімі олардың дамуы шикізаттық емес тауарлар экспортының өсуіне ықпал ететінін атап өтті. Мысалы, өткен жылы Павлодар облысы өңдеуші өнеркәсіп өнімдерін 2 миллиард долларға жуық сомаға экспорттады, бұл үш жыл бұрынғыдан үш есе көп.
“Ағымдағы жылдың басынан бастап экспорттық жеткізілімдер көлемі 1,2 млрд долларды құрады. Біздің кәсіпорындардың өнімдері жыл сайын әлемнің 40-қа жуық еліне экспортталады. Олар мыс кендері мен концентраттары, глинозем, өңделмеген алюминий, ферроқорытпа, алюминий сымдары, құбырлар, көмір, электр энергиясы, ауыл шаруашылығы өнімдері”, – деді Бақауов.
Сурет:Vesti finance.ru