Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Саясат

Парламенттік сайлау биліктің сценарийі бойынша өтпеуі мүмкін

5 года назад
Парламентские выборы могут пройти не по сценарию власти

Келесі жылы Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихат сайлауы өтеді. Саяси реформаға қарамастан, біз жаңа саяси бірлестіктерді көрмедік, сәйкесінше жарысқа ресми түрде тіркелген алты партия қатысады. Сайлау науқаны 30 қарашаға дейін жалғасып, осы уақыт ішінде партиялар съездер өткізіп, депутаттыққа үміткерлер тізімін ұсынуға үлгеруі тиіс.

Кезектен тыс съезді өткізген алғашқы партия Қазақстан Коммунистік Халық партиясы болды. Онда партия «идеологиялық құрауышынан» бас тарту шешімін қабылдап, халықтық партияға айналды. Меніңше, ҚКХП жалғыз оппозициялық саяси формация ретінде Жалпыұлттық социал-демократиялық партияға қарсы әлеуметтік наразылық электоратынан дауыс алу үшін атауын өзгерткен сияқты.

Кез келген жағдайда Nur Otan жеңеді. Билеуші партия аты-шулы праймеризін өткізді, болашақ депутаттар корпусын құрды және 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасын қабылдады. Парламенттегі екінші орынды «Ақ жол» демократиялық партиясы алуы мүмкін. Аутсайдерлерге келетін болсақ, «Ауыл» мен «Адал» Мәжіліске кіруі екіталай, өйткені сайлау жарияланғанға дейін олар ерекшеленген жоқ және олардың қызметі айтарлықтай байқалмады. Сондықтан олар Парламентке кіре алады деп айтпас едім.

Әлеуметтік және саяси наразылық көңіл-күйлердің бақылаусыз өсуіне әкелуі мүмкін күшті сындарлы оппозицияның болмауы ерекше сақтықты тудырады. Егер Беларусь пен Қырғызстанда сайлау нәтижелеріне қарсы митингілерге шықса, бізде наразылық депутаттық орынға барлық оппозициялық күштердің жарысқа қатыспауына бағытталады.

Наразылық пен ықтимал қарсылықтар билеуші партияға берілген дауыстың жоғары пайызымен байланысты болуы мүмкін. Жаңа Парламентпен бірге оппозиция Мемлекет басшысының беделін түсіруге тырысуы және биліктің заңдылығына күмән келтіруі мүмкін.

Наразылықтың әлеуметтік негізі туралы да ұмытпаған жөн. Карантин шаралары енгізілгеннен кейін, Қазақстанда 5 миллионға жуық ішкі мигрант жұмыссыз қалды. Олар ірі қалаларға жұмысқа баратын ауыл тұрғындары. Олар бір сәтте табыс көзінен айырылды. Өте көп — бес миллион адам. Және бұл өте кауіпті. Біздің мемлекетімізді тыныш сезінуге мүмкіндік беретін жалғыз нәрсе — нағыз көше жетекшісінің болмауы.

Көріп отырғанымыздай, 2021 жылғы сайлау штаттық режимде өтпеуі мүмкін. Сайлаудан кейін «тосынсыйлар» болмау үшін, жұмыссыз, кедей және қайыршы азаматтарды көбейтетін бұрынғы әлеуметтік-экономикалық бағыттан және экономикалық дамудың неолибералды тұжырымдамаларынан бас тарту қажет. Ұлтшылдықпен ойнау өз кезегінде «бу шығаруда» қажетті нәтиже бермейді. Тиісінше, «сайлаудың» қазіргі сценарийі де саяси жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етпейді, өйткені көптеген қазақстандықтар қазіргі партияларға сенбейді және өз мүдделерін білдіреді деп санамайды.

Саяси шолушы Нұрлан Фадеев, арнайы «Эхо Казахстана» үшін.

Сурет: ria.ru

Новости СМИ2
Алдыңғы

ҰҚК есірткі сатушылар тобын жеңді

Келесі

Ақшаны ұрлап, жылыстатқан: Қазақстанның экс-банкиріне үкім шығарылды

Ұсынамыз Пост

Бекшин қашықтан жұмыс режиміне көшуді ең тиімді шара деп атады
Саясат

Түркістан басшысы әкімдіктің бұрынғы ғимаратына қатысты шуға пікір білдірді/

20/05/2021 15:33

Аукцион арқылы сатылып кеткен әкімдік ғимаратына қатысты Түркістан қаласының әкімі INSTAGRAM парақшасындағы тікелей эфир кезінде мәлімдеме жасады деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі. Рашид Аюповтың мәліметінше, қалада қонақүйлерді көбейту мәселесі бұған дейін туындаған. Қалаға келетін туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қонақ...

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды

20/05/2021 12:33

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон кеңейтілген құрамда екіжақты келіссөз жүргізді деп хабарлайды Ақорда. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон шағын форматтағы кездесуден кейін екі елдің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді. Кездесу барысында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту,...

Bek Air апаты: Шенеуніктерге үкім шықты
Саясат

Bek Air апаты: Шенеуніктерге үкім шықты

12/05/2021 18:33

Алматы облысының Талғар аудандық соты бұрынғы шенеуніктер мен риэлторға Bek Air ұшағы апат болған Алматы әуежайының жанынан жерді заңсыз бөліп беру ісі бойынша үкім шығарды. Бұрынғы үш шенеунікке 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Қалғандары 2,5 жылдан 4 жылға...

Еліміздің Президенті бірқатар заңдарға қол қойды
Саясат

Тоқаев Жапония премьер-министрімен телефон арқылы маңызды мәселе талқылады

12/05/2021 14:30

Қазақстан президенті Жапонияның премьер-министрі Ёшихидэ Сугамен телефон арқылы сөйлесті. Екі ел басшыларының бірінші рет сөйлесіп отырғанын ескеріп, Қасым-Жомарт Тоқаев Ёшихидэ Суганы Жапония премьер-министрі болып сайлануымен құттықтап, оның аса жауапты қызметіне толағай табыс тіледі деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшысы Токиода өтетін...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.