Сенатта «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң қабылданды, деп «ҚазАқпарат»ХАА хабарлайды.
Келісімге 2019 жылғы 27 қарашада Бішкекте қол қойылды. Бұл құжат қос азаматтық және заңсыз көші-қонға қарсы күрес туралы ақпарат алмасуға бағытталған. «Атап айтқанда, статистика мен ақпарат алмасу мүмкіндігі пайда болады. Азаматтар туралы Жеке ақпарат алуға болады. Екі елдің үкіметтері тәжірибе алмасады және бір-біріне практикалық көмек көрсетеді. Көші-қон саласындағы қылмыстармен күресуге және заңсыз арналарды жоюға мүмкіндік бар. Қырғызстан парламенті келісімді 2021 жылдың 17 ақпанында бекітті», — деді ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Сенаттың жалпы отырысында.
Оның айтуынша, өткен жылы Қазақстанға Қырғызстаннан 281 мыңнан астам азамат, 2021 жылдың 3 айында – 32 мыңнан астам адам келген. «Өткен жылы ҚР-ның 175 мың азаматы Қырғызстанға барды. Биыл 3 айда 36 мыңнан астам. Қазақстан Өзбекстанмен, Тәжікстанмен, Әзірбайжанмен және Беларусьпен осындай келісім жасасты. Осы Заң азаматтық туралы ақпарат алмасуға, заңсыз көші-қонды реттеуге, қос азаматтыққа қарсы күреске бағытталған. Теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды, сондай — ақ қосымша қаражат талап етпейді», — деп түйіндеді министр.