Парламент Астананы қайта атау үшін екінші оқылымда Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулерді енгізді, деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігінің тілшісі.
Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар Астананың атауын өзгерту үшін ел Конституциясына өзгертулер енгізді.
Конституцияның 2-бабының 3-бөлігінде Астана Республикасының астанасы деп көрсетілген”, ал 3.1-бөлігінде Астана шегінде Конституцияға сәйкес қаржы саласында ерекше құқықтық режим енгізілуі мүмкін делінген.
Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин Конституцияға сәйкес Үкімет ҚР Президентіне Астананы қайта атау туралы Конституцияға түзетулер енгізу үшін республикалық референдум өткізу туралы ұсыныс енгізгенін хабарлады. Президент бұл ұсынысты референдум өткізбей депутаттардың қарауына жіберу туралы шешім қабылдады. Конституциялық кеңес бұл мәселе бойынша оң қорытынды берді.
Бұдан бұрын, ұлықтау рәсімінен кейін, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Астананы Нұрсұлтан деп атау туралы ұсыныс жасаған.
Естеріңізге сала кетейік, 19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 20 наурызынан бастап Мемлекет басшысы лауазымындағы өз өкілеттігін тоқтату туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Президент сайлауына дейін Сенаттың экс-спикері Тоқаев мемлекетті уақытша басқарады.
Сурет: kaztag.kz