Ағымдағы жылы шетелде Қазақстанның 10 сауда өкілдігін ашу жоспарланған. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің Мәжіліс депутаттары тобының экспорттық саясатқа қатысты сауалына берген жауабында айтылған, деп ХАА «ҚазАқпарат» хабарлайды.
Үкімет басшысы сыртқы нарықтарда сауда өкілдіктерін ашу: Қазақстанның экономикалық мүдделерін шетелде ілгерілету; болу нарығында қазақстандық бизнестің тұрақты қатысуын және мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету; жергілікті деңгейде отандық шикізаттық емес (өңделген) тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің имиджін арттыру мақсатында көрмелер, жарнамалық-тұсаукесерлік іс-шаралар мен семинарлар және т.б. өткізуге жәрдем көрсету; орналасқан мемлекеттің сауда саясаты шараларын жинау және талдау, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге әлеуетті сұранысты зерделеу және тауарлар мен.
«Осыған байланысты 2019 жылдан бастап Қазақстанның 10 сауда өкілдігін ашу жоспарлануда: — Ресей Федерациясында (Қазан, Мәскеу, Екатеринбург қалаларында); — Өзбекстан Республикасында (Ташкент); — ҚХР (Үрімші және Пекин қалаларында); — БАӘ (Рас-эль-Хайма қ.); — Қырғызстан Республикасында (Бішкек қ.); — Әзірбайжан Республикасында (Баку қ.); — Беларусь Республикасында (Минск қ.).
Бүгінгі таңда Ресей Федерациясының әлемнің 57 елінде Сауда өкілдіктері бар, Өзбекстан Республикасының 12 өкілдігі бар, Беларусь Республикасының шетелде 40 өкілдігі бар», — делінген Министрлер кабинеті басшысының ресми жауабында.




