Түркістан облысында алаяқтар өрт сөндірушілер киімін киініп, кафе мен мейрамханалардың иелерінен ақша алып кеткен.
“Өткен жылдың соңында Түркістан облысының полициясына екі ер адам өздерін өрт сөндірушілер деп таныстырып, кафе мен дүкендердің иелерінен ақша алып кеткені туралы хабар келіп түсті. 2018 жылдың 29 желтоқсанында Отырар аудандық полиция бөліміне жергілікті кәсіпкерлер арызданған, олар белгісіз екі адам өздерін облыстық өртке қарсы қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері деп таныстырып, арнайы құрылғыларды тексеріп жүргендерін айтып, жәбірленушілерді алдап ақша алып кеткені туралы”, – деп хабарлайды Түркістан облыстық басқармасының баспасөз қызметі.
Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері екі күдіктіні қолға түсірді. Олардың бірі Шымкент қаласының, екіншісі Жамбыл облысының тұрғыны.
“Тергеу барысында ұсталған азаматтар фирмалардың бірінде желдету құбырларын тазалаушы болып жұмыс істейтіні анықталды. Бүгінгі таңда олардың алаяқтықтың үш фактісіне қатыстылығы дәлелденді. Қазіргі уақытта күдіктілер ешқайда кетпеу туралы қолхат алды. ҚР ҚК 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полицейлер олардың облыс аумағында жасаған қылмыстарының саны өсуі мүмкін деген фактіні жоққа шығармайды”, – деді полицейлер.
Сулет: kaztag.kz