Қостанайдағы басты мәселелердің бірі бірнеше күн бойы қоғамдық көлік жүргізушілерінің ереуілі болып отыр. Бүгін таңертең бірнеше маршрут жолға шықпады. Қалалық әкімдік болған жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды “Біздің Қостанай”.
Әлеуметтік желілерде тасымалдаушы кәсіпорындардың қызметкерлері тұрғындардан кешірім сұрап, 8 ақпаннан бастап олар жұмыс істемейтінін ескертекен бейне пайда болды. Жиналғандар электронды жол жүру төлемін алып тастауды талап етті.
“Біз валидаторларға тәуелді болмайтын жалақы төлеуді сұраймыз. Біз күн сайын жұмысқа шығамыз, адамдарды тасымалдаймыз, белгілі бір жалақы алғымыз келеді”, — деп түсіндірді спикерлердің бірі.
Жүргізушілер құрылғылардың жиі бұзылатынын, төлемді дұрыс есептемейтінін, нәтижесінде олар зардап шегіп жатқанын атап өтті.
Осы мәселе бойынша арнайы брифингте Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Әнуарбек Қасымов өз ойын білдірді.
Ол жексенбіде күні бойы тасымалдаушылармен талқылау болғанын хабарлады. Жергілікті билік өкілдері кешкі сағат 20-ға дейін кәсіпорындарға барып, қызметкерлермен сөйлесіп, өзара келісімге келеді деп үміттенді.
“Жүргізушілерде бірқатар сұрақтар болды, олар төлем жүйесін сынға алады. Бірақ бүгін күні көріп отырғанымыз: біреу осылай жұмыс істей алады және істеп жатыр, ал біреу істегісі келмейді. Таңертең желіге 20-ға жуық автобус шықпады, олардың барлығы “Костанайавтотранс” ЖШС-не тиесілі (№2, 7, 13 маршруттар). Қалған тасымалдаушылар шарт талаптарын бұзбай жұмыс істп жатыр”, – деді әкім орынбасары.
Қала әкімшілігінің пікірінше, жол ақысын төлеудің жаңа жүйесінен бас тартудың басты себебі нақты кірістерін көрсеткісі келмеуінде. Әзірге тараптар түпкілікті келісімге келген жоқ.
Сурет: nur.kz