“NUR” ақпараттық агенттігі Әулиекөл аудандық сотының бұрынғы төрағасы Бекжан Жұмболов сотталып, 4 жылға бас бостандығынан айырылғанын хабарлайды.
Сот қызметкерлері Жұмболов мәміле жасаудың заңды фактісін анықтау бойынша әдейі әділетсіз шешім қабылдағанын хабарлады. Бұл шешім заңсыз болып табылады, сол үшін бұрынғы аудандық соттың төрағасы жаза алды.
Жұмболов әділетсіз шешімі үшін 1 миллион теңге көлемінде пара алғаны белгілі болды. Ол параның жартысын заңгерге берген.
Қостанай № 2 соты Бекжан Жамбуловты 366-баптың 2-бөлігі және 418-баптың 1-бөлігі бойынша кінәлі деп мойындады, 4 жылға бас бостандығынан айырды. Кінәліні сот залында қамауға алды.
Сонымен қатар, аудандық соттың бұрынғы төрағасы өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды.
Сурет: Patrul.kz