Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов журналистерге 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап өңірде 153 мыңнан астам адам жоғары жалақы ала бастағанын айтты.
«Бірінші. Салық жүктемесін төмендету бойынша екінші әлеуметтік бастаманы іске асыру мақсатында еңбекақысы төмен қызметкерлердің жалақысын арттыруға- 57100 адам. Бұл мақсатқа бюджеттен 1,6 млрд теңге бөлдік. Екінші. Ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге 1 млрд теңге, Ішкі істер қызметкерлері мен орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысын арттыруға — 19,5 мың адам. Үшінші. Ең төменгі жалақы алатын қызметкерлерге еңбекақы төлеуді ұлғайтуға — облыс бойынша 37100 адам. Бұл азаматтық қызметшілер — 31700 адам, жеке кәсіпорындардың қызметкерлері — 6 мың адам», — деді облыс әкімі.
Жеке кәсіпкерлер 39 мың адамның еңбекақысын ең төменгі деңгейден жоғары көтерді.
«Сондықтан аймақ әкімдері мен облыстық әкімдіктің салалық басқармаларына осы бағытта жұмыс жасауды тапсырамын. 6 мың адам аз. Барлық жеке бизнес бастаманы толық қолдаған жоқ. Ірі кәсіпорындар — ССКӨБ, автопром, «Баян Сұлу»— олармен проблемалар жоқ. Шағын базарлардың жұмысшылары, жеке кәсіпкерлер — олармен жұмыс істеу керек», — деді Архимед Мұхамбетов.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына кезекті Жолдауынан кейін, бірқатар ірі кәсіпорындар, шаруа қожалықтары, Қостанай облысының жеке кәсіпкерлері өз қызметкерлерінің жалақысын өсіре бастады.
Сулет: diapazon.kz