Қостанай облыстық соты студент Дарья Махартованы өлтіру жағдайына байланысты үкімге апелляциялық шағымды қарады, деп хабарлайды alau.kz.
Марқұмның анасы қызы өлтірген Руслан Азханов пен Анатолий Шевченкоға өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады. Олар бұрын 23 жылға, 25 жылға бас бостандығынан айырылған.
Сот алқасы оларға мерзімді ұлғайтпады, бірақ алғашқы 5 жыл Ажанов пен Шевченконың Арқалық қаласында толық оқшаулау мекемесінде өтейтіндігін, содан кейін барынша қауіпсіздік мекемесіне ауысатынына қаулы етті.
18 жасар Дарья Махортованың денесі өткен жылдың 21 шілдесінде орман алқабында табылған. Ол жүгіруге шығып, жоғалып кетті. Мәйіт анықталғаннан кейін “аса қатыгездікпен кісі өлтіру” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бұған дейін қыздың жоғалуына жауапсыздықпен қараған, салғырттығы үшін бір жарым жылға бас бостандығынан айыру жазасымен екі полиция қызметкері де сотталды.
Сурет: ТоболИнфо