Қостанай облысының полицейлері алаяқтыққа қатысы бар күдіктіні ұстады, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.
Тергеу ақпаратына қарағанда, Лисаков қаласындағы 25 жасар банк қызметкері клиенттердің құжаттары көшірмелерінің көмегімен олардың атына несие ресімдеген, ал ақшаны өзіне алған.
Қазіргі уақытта полицияға төрт жәбірленуші жүгінген. Жалпы шығын сомасы 500000 теңгеден асады.
Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Сурет: ТК Регион