Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Жамбыл Ахметбековты Қазақстан Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы қаулы қабылдады. Оның қолдауына 138 294 қол жиналды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлады.
Бақыт Мелдешов аталған кандидатты тіркеу үшін барлық қажетті құжаттар жиналып, Ортсайлаукомға ұсынылғанын айтты. Барлық мәліметтер бойынша үміткер қойылатын талаптарға толық сәйкес келеді.
Қаулы бойынша кандидатқа тиісті куәлік беріледі және оның деректері арнайы уақытша шот ашу үшін “Халықтық Жинақ Банкі” АҚ-ға берілетін болады.
138 294-тен 135 506 қол үміткердің қолдауына сенімді деп танылды.
Қазір елдегі басты лауазымға президенттікке алты кандидат дауысқа түседі. Садыбек Түгел, Дания Еспаева, Амангелді Таспихов, Қасым-Жомарт Тоқаев, Төлеутай Рақымбеков және Жамбыл Ахметбеков.