Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Тарих фактілері

Орыс тілінде оқытатын мектептерді жабу, Қазақстандағы білім беру сапасын жақсарта алмайды

5 года назад
Закрытие школ с русским языком обучения не улучшит качество образования в Казахстане

Осы айдың басында «Қазақ үні» республикалық қоғамдық-саяси газеті Білім министрлігінің басшысы Асхат Аймағамбетов «Қазақстанда барлық оқушылар мемлекеттік тілде білім алуы тиіс» деп мәлімдеді. Яғни, орыс тілінің ресми мәртебесінен айыруды талап ететін, Ақ жолдық парламент мүшесі басқаратын ұлтшыл басылым, өздерінің қалауына сай министрдің мәлімдемесін бұрып жазды.

Шын мәнінде, бұған дейін ведомство басшысы қазақстандықтарға «бәсекеге қабілетті» қазақ мектептеріне балаларды беру керек деген сөз айтқан болатын. Қазақ тілін үйренуге қатысты министр «мәжбүрлеу емес, ынталагдыру керек» деп мәлімдеді. Алайда, бұл басылым, оқырмандары дереккөздерге сирек жүгінетіндерін ескере отырып, сөздерді өз мүдделеріне сай өзгертуге әдеттенген. Бірақ дәл осындай бұқаралық ақпарат құралдары қазір орыс мектептерін мемлекеттік қаржыландыруды тоқтату туралы бастама көтеріп жатыр, тіпті мұндай мектептерді мүлдем жабу ұсыныстары да бар.

Ал, Қазақстанда орыс мектептеріне деген қажеттілік бар. Білім министрлігінің ақпараты бойынша, 2018 жылы елімізде орыс тілінде оқытатын 1195 мектеп болған, онда 379 мыңға жуық бала білім алған. 573 мыңға жуық бала аралас мектептерде орыс тілінде оқыды. Бұл барлық оқушылардың 31%-ы. Менің ойымша, біздің басшылық ел халқының үшінші бөлігін оқу тілін таңдау мүмкіндігінен айыруға батылы бармайды, өйткені қазақстандықтардың бұл бөлігі оны ұнатпайды және қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауда күрделі проблемалар туындауы мүмкін.

Қазақстандық оқушылар білім деңгейі бойынша басқа елдердегі көптеген құрдастарынан артта қалды. Мұны PISA-2018 тестілеуі кезінде қазақстандық оқушылар көрсеткен нәтижелер растайды. Ол кезде «жалпы есепте» Қазақстан Әзірбайжан және Босниямен бірге 62-64 орындарды иеленді. Тестілеуге 75-тен астам ел қатысты. Біздің балалар рейтингтің ең төменгі жағында болды, бізден Латын Америкасы, Таяу Шығыс және жақында әскери қақтығыстар болған үш Шығыс Еуропа мемлекеттері оқушылары ғана төмен болды. Ресей 80 балл жинады, яғни орыс балаларының білім деңгейі біздікінен екі жарым жылға жоғары. Бірақ КСРО ыдырағанда барлық республикалардың жағдайлары бірдей болған.

Бейресми мәліметтер бойынша, қазақ мектептері оқушыларының білім деңгейі жалпы елдегіге қарағанда әлдеқайда нашар. 2015 жылы қазақ тілінде оқыған оқушылардың оқу сауаттылығының деңгейі орыс сыныптарындағы құрдастарына қарағанда бір жарым жылға төмен болды. Жаратылыстану-ғылыми сауаттылықта да дәл осындай алшақтық болды. Математикалық білім бойынша қазақ сыныптарының оқушылары орыс сыныптарындағы құрдастарынан бір жылдан астам артта қалды. Қазақ сыныптарының оқушылары халықаралық олимпиадаларда жиі жеңімпаз атанатынын көпшілік естеріне ала алады. Бірақ бұл жерде элиталық мектептердің оқушылары негізінен олимпиадаларда жеңіске жететінін және олар жалпы ел бойынша 1,5-2%-ын құрайтынын атап өткен жөн, сондықтан бұл балалар арқылы мектептегі білім деңгейін мүлдем бағаламаған жөн.

Қазір қазақ мектептеріндегі білім сапасы республика ішінде ғана емес, халықаралық деңгейде де өте нашар. Орыс тілінде білім беру жақсы, бірақ ол да жоғары деңгейде емес. Оны, жоғары деңгейде білім беретін, ресейлік онлайн-мектептерде қашықтықтан оқыту арқылы жақсартуға мүмкіндік бар. Рас, мұндай оқу үшін ақы төлеуге тура келеді, дегенмен ол оқытушыларды шақырғаннан гөрі арзанырақ болады. Бір қызығы, қазір мұндай мүмкіндікті көптеген қазақстандықтар пайдаланады.

Сауаттылықтың күрт төмендеуі білім беру жүйесін ойланбай реформалаудың, оқытудың шикі және тұрақты түрде Батыс әдістерін енгізу процесіне, сондай-ақ жүйені жалпы коммерцияландыруға және орта мектептерді қаржыландырудың төмен деңгейіне тікелей байланысты. Бюрократиялық әдістермен орыс мектептеріне және орыс тілін үйретуге тыйым салу әрекеттері жағдайды төмендетіп қана қоймайды, құлдырауды тездетеді және нақты апатқа әкеледі. Керісінше, қазақ тілін латындандырудан бас тартып, уақыт тексерген ескі әдістемелерді қайтару қажет. Басқаша оқушылардың білім деңгейі жыл сайын тек төмендейтін болады.

Ажар Ибраева, саяси шолушы, арнайы «Эхо Казахстана» үшін»

Новости СМИ2
Алдыңғы

Денсаулық сақтау министрлігі: ПТР тестілеу туроператорлар пакеттерінің құнына қосылады

Келесі

Статистика мен шындық: қазақстандықтардың орташа жалақысы қандай?

Ұсынамыз Пост

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды
Тарих фактілері

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды

29/05/2021 17:43

Қазіргі кезде аталған факті бойынша Түркістан облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жүргізіліп жатқан іздеу жұмыстары барысында 29 мамырда сағат 00:30-да Өгем өзенінен екі адамның мәйіті табылды. Марқұмның бірі тауда жоғалып кеткен туристер тобының мүшесі, 1999 жылы туған азамат...

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды
Тарих фактілері

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды

29/05/2021 15:12

Шенеуніктер ауыл арасында көгілдір отын құбырын жүргізу үшін тендер жариялағанымен, кейін оны тоқтатып тастаған.   Ақтөбе іргесіндегі Жаңақоныс-4 ауылының тұрғындары жаңадан салынған үйлеріне кіре алмай отыр. Өйткені елдімекенде ішер судан бастап, газ құбыры да жоқ. Ал шенеуніктер болса коммуникация жүйесін...

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды
Тарих фактілері

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды

29/05/2021 10:18

Ведомство өкілдері полковник Асылбек Сатыбалдиновті жақсы жағынан сипаттап, мақтаулы мамандардың бірі ретінде атады. Қорғаныс министрлігіндегі қару-жарақ және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің бастығы полковник Асылбек Сатыбалдинов ұсталды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растады. "2021 жылы 28 мамырда құқық қорғау...

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді
Тарих фактілері

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді

28/05/2021 18:41

2019 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз ойын орындарын жою бойынша рейдтік іс-шаралар барысында қаланың әртүрлі аудандарында ойын терминалдары заңсыз жұмыс істейтін 712 сауда орнын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Заңсыз ойын мекемелерін ұйымдастырғаны үшін 80 адам сотталды, 94...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.