Біздің республикамыздың орталық сайлау комиссиясы мүшесі Константин Петров ОСК сайлау қорытындылары бойынша мәжіліске кірген партиялар арасында депутаттық мандаттарды бөлгенін мәлімдеді.
Парламенттің төменгі палатасына үш саяси құрылым — Nur Otan, «Ақ жол» демократиялық партиясы және Халық партиясы өтті.
Депутаттық мандаттарды бөлу мынадай: билеуші партия — 76 мандат, «Ақ жол» — 12 мандат, ал ҚХП — 10 мандат.
Салыстырсақ, 2016 жылғы наурызда өткен парламенттік сайлаудың нәтижелері бойынша Nur Otan Мәжілісте 84 мандат, ал «Ақ жол» мен қазіргі ҚХП деп аталған, бұрынғы Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясы 7 мандаттан алған.
Қазіргі сайлау науқанында сайлаушылардың келуі 63,3% болды. Ең көп дауыс берушілер саны Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді — 75,5%, ең нашар Алматыда — 30,3%.
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының бақылаушылары Қазақстанда өткен парламенттік-мәслихаттық сайлаудың әділ әрі ашық болғанын мойындады.
Сурет: zakon.kz