Еліміздің Орталық сайлау комиссиясының басшысы Берік Имашев Қазақстан Парламенті жоғарғы палатасының депутаттығына ұсынылылған үміткерле кім болып жұмыс істейтінін айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ақпараттық ресурсы.
Берік Имашев айтуынша, Сенат депутаттығына барлығы 94 кандидат ұсынылды, оның 38-і коммерциялық құрылымдардың, ал 23-і мемлекеттік ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері.
18 кандидат мемлекеттік қызметкерлер, 9 – қоғамдық ұйымдардың өкілдері және 2 – жұмыссыз. Сондай-ақ Сенаттың жұмыс істеп жүрген 4 депутат өз кандидатураларын ұсынды.
Бүгінгі таңда, Ортсайлаукомның айтуынша, Парламенттің жоғарғы палатасының депутаттығына кандидаттарды тіркеу жүргізілуде. Бұл процесс ағымдағы жылдың 23 шілдесіне дейін жалғасады.
Ортсайлауком басшысы сайлауа науқаны біздің мемлекетіміздің сайлау заңнамасына сәйкес өтіп жатқанын ерекше атап өтті.
Қазақстан Сенатына сайлау, біздің республикамыздың көшбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес ағымдағы жылдың 12 тамызында өтеді. Оларды өткізуге бюджеттен 254,7 миллион теңге бөлінді.
Сурет: 24.kz