Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев Қазақстан Парламенті жоғарғы палатасының депутаттығына үміткерлерін тіркеу қорытындысына түсініктеме берді, деп хабарлайды mail.kz жаңалықтар ресурсы.
Тіркеу қорытындысы туралы айта келе, Ортсайлауком басшысы Қазақстан Республикасында нәзік жандылардың саяси белсенділігінің сақталуын атап өтті. Оның айтуынша, Сенаттағы депутаттық орынға 10 әйел үміткер, бұл Парламенттің жоғарғы палатасының депутаттығына үміткерлердің жалпы санының 17,2%-ын құрайды.
Сонымен қатар, Берік Имашев өткен сайлау науқанымен салыстырғанда, әйелдердің саяси белсенділігінің көрсеткіші шамамен екі есеге артқанын атап өтті.
Ортсайлауком төрағасының айтуынша, Қазақстан Сенатына сайлауға 58 үміткер тіркелді. Яғни, бір депутаттық орынға үш адам үміткер.
Қазақстан Сенатына сайлау өткізу биылғы жылдың 12 тамызына жоспарланған. Тиісті жарлыққа ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы еліміздің жоғарғы палатасына сайлауды шетелдік бақылаушылар бақылайтынын хабарлаған.