Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Тарих фактілері

Орталық Азиядағы күштердің геосаяси жағдайы өзгеруде: Өзбекстан аймақтағы ықпалын күшейтуде

5 года назад
Орталық Азиядағы күштердің геосаяси жағдайы өзгеруде: Өзбекстан аймақтағы ықпалын күшейтуде

Өткен айда жаңадан сайланған Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров Ташкентте ресми сапармен болды. Сапарының нәтижелері байқаушыларды таң қалдырды, өйткені көрші мемлекеттердің басшылары көптеген жылдар бойы шешімін таппаған даулар мен қарама-қайшылықтар тудырған проблемаларды шешті. Тараптар бірқатар маңызды мәселелерді талқылап, 22 құжатқа қол қойды, олардың көпшілігі меморандумдарды құрайды, бірақ жалпы өңір мүддесі бар маңызды, мысалы, капиталы 200 млн долларды құрайтын қырғыз-өзбек инвестициялық қорын құруға байланысты келісім болды. Қырғызстан мемлекет басшысының Ташкентке сапарының нәтижесінде шекараға қатысты мәселе шешілді. Атап айтқанда, жақында Қырғызстан МҰҚК басшысы Қамшыбек Ташиев оған ең қиын мәселелер шешілгенін және мемлекеттік шекараны межелеу мен белгілеу үрдісі басталғанын баяндады.

Жапаровтың Өзбекстан астанасына сапары басқа Орталық Азия республикаларының қызығушылығын тудырды, өйткені іс жүзінде енді Нұр-Сұлтан емес, Ташкенттің Орталық Азиядағы шешімдер қабылдау орталығына айналуының айқын көрінісіне айналды. Қазір маңызды аймақтық проблемалар шешіліп жатыр, әрине, ол Шавкат Мирзиеевтің еңбегі, бұл процесс елді ол басқарған кезден жандана түсті. Экономика мен гуманитарлық салада көршілес елдермен өзара қарым-қатынас жақсарды. Анклавтардың жағдайына, шекара және жер мәселелеріне, су қоймалары мен тауларға байланысты даулар мәселелері белсенді түрде шешіле бастады. Қазір Өзбекстан басшылығы көрші елдерге бет бұрып, әлсіз болса да, барынша жақсы жағынан көрінді. Осындай күрделі мәселелеоді шешуде тараптардың бір шешімге келуі — басқа елдер үшін жақсы белгі және үлгі.

ОА-да ерекше рөлге ие болған Қазақстан, Ташкенттегі шешімдерге ешқандай қатысы болған жоқ. Енді оның аймақтағы ықпалы Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан теміржолына байланысты төмендейді деген қауіп пайда болды. Оның құрылысына қатысты мәселе ширек ғасырдан астам уақыт бойы талқыланып келеді, қиындықтарға қарамастан, көп ұзамай бұл мәселе белсенді түрде шешіле бастауы мүмкін. Қазір Өзбекстан мен Қырғызстан Ресей темір жолдарының басшылығын осы жобаны іске асыруға қатысуға шақырды, бұл мәселе шешімін табуы мүмкін екенін көрсетеді.

Қытай өз кезегінде Орталық Азия аймағында ықпалын күшейту және тауарлар транзитті ретінде біздің елдің монополиялық жағдайын шектеу үшін баламалы жолдардың пайда болуына да мүдделі. ҚХР билігі Қазақстанның транзиттеріне тәуелді болғысы келмейтіндіктен, олар монополист болуды немесе Қытайдың сауда ағындары үшін күресте Орталық Азия республикаларының бәсекелестігіне ықпал етуді жөн көреді. Сонымен қатар, Қытай айтарлықтай экономикалық преференциялар ала алады, мысалы, тарифтерді төмендету немесе көлік компанияларына барынша қолайлы жағдайлар жасау.

Ақпан айының соңында Садыр Жапаров Мәскеуге барды, оның сапары Ресей билігінің өзіне қатысты қорқынышын сейілтті. Бұған дейін Қырғызстан Президенті үнемі Ресеймен дос екенін және бұрынғы сыртқы саяси бағдарларлы қолдайтынын айтатын, енді оны қоршаған адамдар да соны жеткізуге тырысты. Ресей басшылығы енді оны бұрынғыдан әлдеқайда адал қабылдайтын болады. Мәскеуде Мирзиёевті қатты құрметтейді. Онда Өзбекстан Президенті туралы әрқашан тек ақ пейілмен айтады. АЭС құрылысы елдерді одан әрі байланыстыратын болады. Сондықтан Ресейде де, Батыста да Ташкент пен Бішкектің жақындасуына айтарлықтай оң көзқарас танытты. Батыс республика өздерінің егемендігін сақтап, үшінші тарапсыз, өз бетімен келіссөздер жүргізуі керектігін үнемі айтады. Осыған байланысты қазіргі Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы қатынас оны қанағаттандырады.

Барлық даулы шекаралық мәселелерді шешкен және қазір өзара сауда айналымын өсіріп жатқан Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы қатынастарды дамытудағы бұл процес Орталық Азиядағы күштердің геосаяси орналасуын өзгертіп, бүкіл өңірдегі көшбасшысы ретінде Ташкентті бірінші орынға шығарды. Басқа бірлескен логистикалық және индустриялық жобалар сияқты ККӨТЖ құрылысы, Өзбекстанда АЭС салу туралы айтпағанда, оның осы орнын тек нығайта татүседі. Рөлдердің ауысуы әрине, Қытай мен Ресей инвестициялары ағындарын Ташкентке бағыттауға әкеледі. Бұл Нұр-Сұлтан үшін, ЕАЭО бойынша одақтастармен және ШЫҰ бойынша серіктестермен қарым-қатынастың одан әрі салқындауына жол бермеу қажеттігі туралы маңызды белгі, өйткені бұл бағыт ҚР-ның өңірдегі өзінің басты бәсекелесінен артта қалуын тездетуі мүмкін.

Тұрар Кәрімов, саяси шолушы, арнайы «Эхо Казақстана» үшін

Новости СМИ2
Алдыңғы

АҚШ триллион доллар басып шығаруда: сарапшылар жаһандық инфляцияны болжап отыр

Келесі

Сенаторлар туристік қызметті дамыту туралы заң жобасын талқылады

Ұсынамыз Пост

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды
Тарих фактілері

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды

29/05/2021 17:43

Қазіргі кезде аталған факті бойынша Түркістан облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жүргізіліп жатқан іздеу жұмыстары барысында 29 мамырда сағат 00:30-да Өгем өзенінен екі адамның мәйіті табылды. Марқұмның бірі тауда жоғалып кеткен туристер тобының мүшесі, 1999 жылы туған азамат...

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды
Тарих фактілері

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды

29/05/2021 15:12

Шенеуніктер ауыл арасында көгілдір отын құбырын жүргізу үшін тендер жариялағанымен, кейін оны тоқтатып тастаған.   Ақтөбе іргесіндегі Жаңақоныс-4 ауылының тұрғындары жаңадан салынған үйлеріне кіре алмай отыр. Өйткені елдімекенде ішер судан бастап, газ құбыры да жоқ. Ал шенеуніктер болса коммуникация жүйесін...

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды
Тарих фактілері

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды

29/05/2021 10:18

Ведомство өкілдері полковник Асылбек Сатыбалдиновті жақсы жағынан сипаттап, мақтаулы мамандардың бірі ретінде атады. Қорғаныс министрлігіндегі қару-жарақ және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің бастығы полковник Асылбек Сатыбалдинов ұсталды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растады. "2021 жылы 28 мамырда құқық қорғау...

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді
Тарих фактілері

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді

28/05/2021 18:41

2019 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз ойын орындарын жою бойынша рейдтік іс-шаралар барысында қаланың әртүрлі аудандарында ойын терминалдары заңсыз жұмыс істейтін 712 сауда орнын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Заңсыз ойын мекемелерін ұйымдастырғаны үшін 80 адам сотталды, 94...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.