Еліміздің құқық қорғау ведомствосы тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктен кейін ашылған қылмыстық істерді тергеу туралы айтты. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Министрлік өкілінің айтуынша, қазіргі уақытта 120-дан астам қылмыстық іс тергелуде, оның 11-і кісі өлтіру фактісі бойынша.
Сонымен бірге, Санжар Әділов тергеуді Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры басқаратын ведомствоаралық жедел-тергеу тобы жүргізіп жатқандығын атап өтті.
Сондай-ақ, ІІМ өкілі тергеу департаментінде Қордай ауданындағы тәртіпсіздік кезінде құқық бұзушылылыққа күдіктілер бар екенін, олардың кейбірі қамауға алынғанын атап өтті.
Санжар Әділов осы мәселе бойынша көп ақпаратты айтпады, себебі заң бойынша тергеу деректері және қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар санын алдын ала жария етуге құқығы жоқ
Жамбыл облысы Қордай ауданында биылғы жылдың 7 ақпанында адам өліміне әкеп соққан жаппай тәртіпсіздік орын алды.
Қазір ауданда жағдай тұрақты. Қазақстанның Ұлттық Гвардиясы мен ІІМ қызметкерлері тұрақты негізде жағдайды қадағалауда. Соңғы уақытта құқық тәртібін бұзу фактілері тіркелген жоқ.
Сурет: ru.sputniknews.kz