Оралда тұратын белсенді Бекнұр Сражанов Батыс Қазақстан облысы бойынша әділет департаментінде арыз берді. Талап арыз – ведомствоның қоғамдық бірлестікті тіркеуден бірнеше рет бас тартуын заңсыз деп тану.
Сражанов 2019 жылы Қазақстанда өткен президенттік сайлаудан кейін, өз жақтастарымен бірге “Жария”деп аталатын тәуелсіз бақылаушылар қоғамдық бірлестігін құру туралы шешім қабылдағанын айтты.
Белсенді бірлестікті тіркеуге 11 рет құжаттар тапсырып, сонша рет бас тартылған. Осыған байланысты ол департаментті сотқа беруді ұйғарды.
Сот отырысы кезінде облыстық Әділет департаментінің өкілдері Сражановқа тіркеуге бас тарту себебінн айтты, өйткені оның бірлестігінің жарғысында ұйымдық құрылымдар, филиалдар мен өкілдіктер көрсетілмеген.
Сонымен қатар, белсенді бірлестіктің ақшалай қаражатын қалыптастыру көздерін көрсетпеген. Осыған байланысты департамент арызды мойындамайды және соттан оны қанағаттандырмауын сұрайды.
Үш аптадан кейін талап арызды қарау жалғасады. Судья Алтынай Саулембекова бұл істі жан-жақты зерделеу үшін қажет екенін түсіндірді.
Сурет: pravda.com.ua