Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының жаңа әкімі тағайындалды,енді бұл қызметті Абат Шыныбеков атқарады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Батыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Орал қаласының әкімі болып Абат Шыныбеков тағайындалды”,-деп хабарлады баспасөз қызметі.
Абат Шыныбеков әр жылдары Казталов, Сырым аудандарының басшысы, Орал қалалық мәслихатының хатшысы, Nur Otan партиясы филиалы төрағасының орынбасары, Орал қаласы әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарды.
Бұрын Орал қаласының әкімі қызметін Мұрат Мұқаев атқарған болатын.
Сурет: total.kz