Қазақстан Қорғаныс министрлігінің өкілдері коронавирус індетіне қарамастан, жауынгерлік даярлық бойынша оқу сабақтарын қайта бастау туралы шешім қабылданғанын айтты.
Қорғаныс ведомствосының хабарлауынша, біздің мемлекетіміздің Қарулы Күштерінде қазір роталық тактикалық топтармен тактикалық оқу-жаттығулар және взводтардың жауынгерлік атыстары өткізіліп жатыр.
Атап айтқанда, командирлер әртүрлі ұрыс түрлерін ұйымдастыру және жүргізу кезінде бөлімшелерді басқару дағдыларын жетілдірумен айналысуда, ал әскери қызметшілер штаттық қару-жарақ пен жауынгерлік техниканы практикада қолдану туралы алған білімдерін нығайтуда.
Қорғаныс министрлігі қазіргі уақытта армияда жауынгерлік оқу барлық бекітілген жоспарлар мен кестелерге сәйкес, сондай-ақ санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып жүргізілетінін ерекше атап өтті.
Бұған дейін Қорғаныс министрлігінде біздің танк командасы “Танк биатлоны” – Армия халықаралық ойындары-2020 байқауына қатысатын әскери машиналарды алғанын айтты.
Жеребе тастау нәтижелеріне сәйкес қазақстандық әскери қызметшілер сары түске боялған танктерде өнер көрсетеді. Жарыстың өзі Ресейдегі “Алабино” оқу-тактикалық кешенінің аумағында өтеді.
Сурет: gov.kz